Assel Ospan 11 Sentyabr 2026, 13:45
Тағдырымнан теперіш көргенімде,
Өлең-сәби іңгәлап жөргегінде.
Бір жылы сөз жанымды орар еді,
Қатқан мұздай алдыма келгенің не.
Тағы айтасың жанымда мұң-сыз барын,
Жарқырайтын көзімнен күнді ұрладың.
Бір жылы сөз айтуың қиын болып,
Бір жылы сөз...
қайдасың, шіркін жалын.
Білінеді жүректен күрсініс көп,
Қандай сезім,
санада сілкініс жоқ.
Бір жылы сөз қаймығып қалған, әттең,
Уақыттардан озбайды, іркіліс көп.
Селдей сезім не болмақ сөне беріп,
Қатып қалған мінезге шегеленіп.
Бір жылы сөз айтсаңшы қамықтырмай
Бір жылы сөз құшаққа кетер еніп.
Өзегіме мұң еніп тұншығамын,
Сезбейсің ғой,
кейде жас ыршығанын.
Бір жылы сөз айтсаңшы тірлігіңде,
Білесің ғой, тастан да үн шығарын...
DİGƏR XƏBƏRLƏR
-
Xuraman Muradova - SAĞLIĞINDA SÖYLƏYƏK
14 Sentyabr 2026, 17:14 -
Tolgonay Sariyeva - Көп күттүрбөй сагынганда кел деген
14 Sentyabr 2026, 14:34 -
Leyla Şerif Emin -Balkanlar'dan Gelen Soğuklar
14 Sentyabr 2026, 14:31 -
Gülzar Abla Bayatlı - SEN OLMAZSAN
13 Sentyabr 2026, 13:16 -
İnci Okumuş - Adın Âişe’dir Tebessümün, Hüma
13 Sentyabr 2026, 12:51 -
Tolgonay Sariyeva - Себеп болуп сезимиңдин ызгаары
13 Sentyabr 2026, 12:45 -
Feyzan Korur - AFFETMEM
13 Sentyabr 2026, 12:41 -
Şərifə Cəfəri - Boş verdim, ürək məst eyləsin, yar havasında
13 Sentyabr 2026, 12:37 -
Xuraman Muradova - Turan elə Salam olsun
13 Sentyabr 2026, 12:31 -
Xuraman Muradova - Payız kimiyəm
13 Sentyabr 2026, 12:15

