Sözümüz bir, dünyamız bir.
HaqqımızdaƏlaqəTDKŞB · 2025
Әсел Оспан - Тағдырымнан теперіш көргенімде
Şeirlər · Қазақша

Әсел Оспан - Тағдырымнан теперіш көргенімде

Тағдырымнан теперіш көргенімде,Өлең-сәби іңгәлап жөргегінде.Бір жылы сөз жанымды орар еді,Қатқан мұздай алдыма келгенің не.Тағы айтасың жанымда мұң-сыз барын,Жарқырайтын көзімнен күнді ұрладың.Бір жылы сөз айтуың қиын болып,Бір жылы сөз...қайдасың, шіркін жалын.Білінеді жүректен күрсініс көп,Қандай сезім,санада сілкініс жоқ.Бір жылы сөз қаймығып қалған, әттең,Уақыттардан озбайды, іркіліс көп.Селдей сезім не болмақ сөне беріп,Қатып қалған мінезге шегеленіп.Бір жылы сөз айтсаңшы қамықтырмайБір жылы сөз құшаққа кетер еніп.Өзегіме мұң еніп тұншығамын,Сезбейсің ғой,кейде жас ыршығанын.Бір жылы сөз айтсаңшы тірлігіңде,Білесің ғой, тастан да үн шығарын...

— TDKŞB, 11 sentyabr 2026

Şərhlər

0

Söhbətə ilk siz qoşulun.

Digər şeirlər

Hamısına bax